Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраудың белсенді жастары «Елбасы медалімен» марапатталды

Абай орталығында еліміздің Тұңғыш Президенті бағдарламасына қатысушыларды «Елбасы медалімен» марапаттау рәсімі өтті.

Медальдарды қола деңгейінен сүрінбей өткен 19 қатысушы алды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл жобаға 500-ге жуық мектеп оқушылары мен студенттері қатысты. Оның 19-ы ғана сынақтың соңына дейін жетіп, үздік нәтиже көрсетті.

Қатысушылар спорт, дарын мен шеберлік, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік қызмет, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі сияқты жеті бағыт бойынша өз қабілеттерін көрсетті.

«Елбасы медалі" жобасы белсенді және шығармашыл жастарды анықтауға, сондай-ақ оларды қолдауға бағытталған.

Мәселен, өткен жылы бағдарламаға облыстың барлық аудандарынан 600-ге жуық үміткер қатысса, оның 104-і қола жүлдегер атанды. Бір қатысушы финалдық деңгейге жетіп, Елбасының өз қолынан алтын медаль алды.

Сондай-ақ, еліміздегі ең беделді университеттердің бірінің грантына ие болды. Биыл біз көбірек қатысушылардың алтын медаль алуы үшін бар күшімізді саламыз.

Барлық процесті арнайы тәлімгерлер бақылайтын болады», - деді білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

Қола жүлдегерлердің бірі - Атырау қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Айжан Қайыржан. Ол 10 жасында келген «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушісі. Ол барлық деңгейден өтіп, алтын медаль иегері болуды мақсат етіп отыр.

– «Елбасы» жобасына ауылымыздың 6 оқушысы қатысты. Бірақ мен ғана барлық деңгейден сәтті өттім. Жоба аясында «Абай жолының» барлық томдарын оқып шықтым. Барлық тапсырмаларды дер кезінде кураторларға жібердім. Еңбегімнің жоғары бағаланғанына өте қуаныштымын. Болашақта дәрігер болғым келеді, - дейді  Айжан.

«Елбасы медалі» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылуда.

Бұл жастарды кешенді дамытуға бағытталған республикалық деңгейдегі бірден-бір бағдарлама. Бағдарламаға 14 пен 29  аралығындағы  жастар қатысуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521