Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраудың ауыл шаруашылығы ахуалы талқыланды

«Атырауда облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен жиында ауыл шаруашылығы саласына қатысты маңызды мәселелер талқыланды»,-деп хабарлайды  облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстың шаруа қожалықтарының басшылары бас қосқан іс-шараға  облыс, қала әкімдігінің өзге де жауапты өкілдері, мемлекеттік және квази мемлекеттік органдардың басшылары мен аудан әкімдері сондай-ақ «Шопан-ата» қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев  қатысты.

Үш жарым сағаттай уақытқа созылған кездесуде өңірдің шаруалары облыс басшысына өздерін алаңдатқан сауалдарын қойып, жауаптарын алып, саланы дамытуға қатысты ұсыныстарын да айтты. Жиында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, шаруа қожалықтарына несие беру мен субсидиялау, шаруаларды жанар-жағар маймен қамтамасыз ету, жайылым мен су тапшылығын шешу және аграрлық инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелер әңгіме болды.

Кездесу соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын, соның арқасында салада жыл сайын өсім артуда екенін атап өтті. Бірақ, соған қарамастан шешімін күткен мәселелердің де барын айтып, оларды шешудің жолдары қарастырылатынын  жеткізді.

  Біз өз тарапымыздан атакәсіптен нәсібін көріп отырған ауыл тұрғындарын жан-жақты қолдау шараларын жалғастыра береміз. Тек бір-бірімізбен тығыз байланыста болып, өзара ақылдасып, мәселені шешудің тиімді тетігін табуымыз қажет. Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға шаруаларды толғандырған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерді тұрақты жіберіп отырамыз. Жалпы түйткілді жайттарды ауызбіршілікпен шешуге күш салуымыз қажет, - деген өңір басшысы тиісті органдарға да нақты тапсырмалар берді.

Өз кезегінде жылдар бойы қордаланған кей проблеманың жылдам шешілуі қиын екеніне тоқталған «Шопан-ата» қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев айтылған ұсыныс-пікірлерді Нұр-Сұлтан қаласына барып, тиісті органдарға жеткізетінін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521