Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраудан Ақтөбе облысына 8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

Тасқын судан зардап шегіп жатқан көршілес Ақтөбе облысына «Күшіміз бірлікте» акциясы аясында Атыраудан 8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Қиын жағдайда қалған ақтөбеліктерге көмекжинау әлі де жалғасып жатыр. Еріктілердің, қоғам белсенділерінің, жергілікті мәслихат депутаттарының, кәсіпкерлердің және Атырау қаласы тұрғындарының күшімен үш күннің ішінде жиналған сегіз тонна азық-түлік, жеке гигиеналық заттары, киім, аяқ киім, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар тиелген екі ауыр жүк көлігі 1 сәуір күні сағат тоғызда жолға шығып кетті.

Еске сала кетелік, 29 науры күні атыраулық еріктілер «Күшіміз бірлікте» акциясын бастады. Жылу жинау пункті Атырау қаласы, Студенттер даңғылы 29, №2 жатақханада орналасқан. Қазіргі уақытта аталған акцияға 100-ге жуық волонтер жұмылдырылған.

Баян Жанұзақова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT