Жыл басынан бері 2 363 адам түрлі мамандықтар бойынша білім алды, оның ішінде 2 093 азамат сертификат алды. Атырау облысында қараша айының соңында 14 мыңнан астам адам жұмыссыздық бойынша есепте тұр, деп хабарлайды AtyrauPress.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. Еркебұлан Әбілхасымовтың айтуынша, жұмысынан босаған азаматтар мансаптық орталықтарға жүгінген жағдайда оларға әлеуметтік есептеулеріне байланысты төлемдер есептеледі және олар 1 айдан 6 айға дейінгі өтіліне байланысты төленеді. Жыл басынан бері мұндай төлемдерді 18 691 адам алды.
Еңбек министрлігі жұмыссыз азаматтар үшін тегін негізде электрондық еңбек биржасында онлайн "skills" оқыту функционалын әзірледі.
Жыл басынан бері 2 363 адам түрлі мамандықтар бойынша білім алды, оның ішінде 2 093 азамат сертификат алды.
Жұмыссыздар ауыл шаруашылығы, IT және телекоммуникация, жеке қызметтер мен сервис, Туризм, әлеуметтік қызмет көрсету, Көлік және логистика, қаржы және бухгалтерлік есеп, Маркетинг және БАҚ, қауіпсіздік және ТЖ, НR және хатшылық, энергетика, сауда және қоймалау, өндіріс, smart skills, білім беру салаларында мамандықтар бойынша оқиды.
- Жыл басынан бері жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында 436 жұмыс берушінің қатысуымен 40 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 3974 адам қатысты. Нәтижесінде 3 225 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, жұмысқа орналастыру жалғасуда. Биыл жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес және Ұлттық жобалар аясында 13 638 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, - дейді Еркебұлан Әбілхасымов.
Сондай-ақ жұмыс орындарын субсидиялау жүргізіледі. Осылайша, басқарма жұмыс орындарын квоталау бойынша облыстың ірі жұмыс берушілерімен және мүдделі органдармен (облыстық прокуратура, мемлекеттік инспекция басқармасы) мерзімді кездесулер өткізеді.
Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда жұмыссыздық деңгейі 4,9%, жастар жұмыссыздығы деңгейі - 2,5%, әйелдер жұмыссыздығы деңгейі - 4,9% және ауылдық жұмыссыздық деңгейі - 4,7% құрады.
Жанат Шаяхметова