Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда “Жұмысшы жастар аллеясы” ашылды

Өңірде өтіп жатқан Жұмысшы жастардың республикалық форумы аясында Жайық өзенінің оң жақ жағалауына “Жұмысшы жастар аллеясы” атауы берілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Форум шеңберінде ұйымдастырылған экологиялық акцияда еліміздің түкпір-түкпірінен келген өндіріс орнында еңбек ететін жастар, студенттер және кәсіпорын жетекшілері бірлесіп, жаңа аллеяға 100-ге жуық тал екті. Бұл іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы мен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қолға алынды.

- Аллеяның ашылуы – жас жұмысшылар еңбегіне деген құрметтің, сондай-ақ жастардың ел дамуына қосып жатқан үлесінің айғағы. Сонымен қатар бұл бастама өңірде экологиялық мәдениетті дамытып, жасыл аймақтарды көбейтуге бағытталған, - деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов.

Жұмысшы жастардың республикалық форумы еліміздегі техникалық және өндірістік сала мамандарының, жас жұмысшылар мен кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінің басын қосқан маңызды алаң болды. Форумда тәжірибе алмасу, көшбасшылық қабілеттерді дамыту, еңбекке баулу және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелері қамтылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT