Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 1 мыңнан астам арнайы құрал ұрланған

"Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим мәлімдеді" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Облыстық әкімдік ғимаратын күштеп басып алу кезінде полиция қызметкерлерінен 9 дана атыс қаруын тартып алынған. Бүгінгі күні оның 4-і алынды.

Сонымен бірге, тәртіпсіздікке қатысушылар бір мың данадан астам қалқан, каска және басқа да арнайы құралдарын заңсыз иеленген. Олардан 52-сі табылды, қалғандарын іздеу жалғасуда

Сол себептен, тұрғындардан ұрланған қаруды полицияға тапсыруға шақырамын.

Қаруды ерікті тапсырған азаматтар заңмен қудаланбайды" деп атап өтті спикер Абзал Гилим.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521