Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраудағы оқушылар мен жастар сарайына Абай есімі берілмек

Атырау облыстық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы кезінде Атыраудағы оқушылар мен жастар сарайына ұлы Абай есімін беру мәселесі қаралды,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жиында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қазақтың кемеңгері Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты облыстық оқушылар мен жастар үйінің алаңына Абай ескерткішін орнатып, аталған орталыққа Абай есімін беру туралы ұсынысы талқыланды.

Ұсыныс жасаушылар бұның Абай мұрасын ұрпаққа насихаттап, есімін ұлттың жадында мәңгі сақтау үшін қажет екенін айтты. Бұл ұсынысқа Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов және сессияға қатысушы депутаттар қолдау білдірді.

Айта кетелік, қазіргі кезде Атырау облысы бойынша 5 мектеп пен 28 көше ұлы Абайдың есімімен аталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT