Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қаңтардың 22-сі күні сағат 19:28-де 102 операторына 1982 жылы туған тұрғын өзінің 2013 ж.туған ұлы Еппили Сайали Ананд Раоның жоғалғаны туралы хабарлаған. Айтуынша, сағат 15:00 шамасында тоғыз және жеті жастағы ұлдары есік алдына ойнауға шығып кеткен. 18:00-де үйге кіші ұлы ғана оралған, қасында үлкен ұлы болмаған. Өз күшімен іздестіру жұмыстарын жүргізгенімен, нәтиже бермеген соң ата-ана полицияға хабарлады. Іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.