Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда өткен тәулікте 560 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды

Облыс тұрғындарын covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 560 адам «Спутник V» вакцинасының І компонентін алды.

Оның ішінде, 69 медицина қызметкері, 49 педагог, 14 полиция қызметкері, 7 студент, 6 жабық мекеме қызметкері, 25 құқық қорғау органдарының қызметкері, 32 мемлекеттік қызметкер, 4 созылмалы аурумен ауыратын адам, 354 жергілікті тұрғын бар. 2021 жылғы 1 ақпан мен 8 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 6708 адам, II компонентпен 2570 адам вакцинацияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT