Бүгін Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Таза Қазақстан “Таза жағалау” атты жалпықалалық сенбілік өтті.
Сенбілік 23-наурыз “Тазару күнімен” байланыстырылды. “Сенбілік қаланың екі нүктесінде өткізілді, яғни Атырау ықшам ауданы көпірінің асты мен “Аламан” базарының артқы бөлігі тазаланды. Тазалық акциясына 500-ге жуық адам қатысты. Қала тұрғындары, түрлі мекеме қызметкерлері мен еріктілер экологиялық сана-сезімді және экологиялық сауаттылықты арттыруға атсалысты” дейді қалалық мәслихат депутаты Мейрамгүл ЕСНИЯЗОВА.
«Таза Қазақстан жалпыхалықтық акциясы, «Таза Like фестивалі аясында ұйымдастырлыған тазарту жұмыстары өңірдегі аулаларды көркейтуге, тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қаланы көгалдандыруға, сонымен қатар, қала тұрғындарының қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған.