Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда төлемдерді заңсыз талап еткен сауда желілері анықталды

Атырауда сауда желілері азық-түлік жеткізушілерден төлемдерді заңсыз талап еткен.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары азық-түліктің ритейл нарығына талдау жүргізген.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілерден ретро бонустар және дүкен сөрелерінде өнім көрсетілгені үшін маркетингтік төлемдерді талап етуге қатысты «Идеал Маркет» ЖШС (Идеал, Лидер дүкендері), «ТД Ярмарка» ЖШС, «Анвар» ЖШС және «Marco» ЖШС-нің сауда желілері тарапынан бұзушылықтар анықталды. Мәселен, күнбағыс және сары май, сүт өнімдерін көтерме жеткізушілерімен шарттар жасау кезінде 2%-дан 7%-ға дейін сыйақы төлеу белгіленген. Ішкі сауда қағидаларына сәйкес ішкі сауда субъектісінің (бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген сауда желілері) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақы төлеуге жол берілмейді. Бұл қосымша маркетингтік төлемдер есебінен бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында қарастырылған», - делінген өңірлік департаменттің ақпаратында. Осыған байланысты ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жіберілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тұтынушылардың 1 млн теңгеден астам төлемі қайта есептелді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521