Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда республикалық сумо-робот турнирі өтіп жатыр

Атырау қаласында республикалық сумо-робот турнирі үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биылғы жарысқа Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан келген 13–24 жас аралығындағы 100-ден астам қатысушы бақ сынауда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Турнир «JasUP mega Sumo» білім беру және спорттық робототехника федерациясының АОФ «JasUP» жобасы аясында өткізілуде. Аталған жоба Атырау облысындағы жастар мен педагогтердің техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған.

– Робот турнирі Жапонияның ұлттық спорты – сумо күресінің қағидаларына негізделген. Яғни роботтар арнайы алаңда бір-бірімен сайысқа түсіп, қарсыласын шеңберден шығару арқылы жеңіске жетуі тиіс. Жобаның негізгі мақсаты – заманауи технологиялар арқылы жастардың білімін тереңдетіп, инженерлік және цифрлық дағдыларын дамыту. Бағдарлама аясында тегін оқыту курстары, сала мамандарының қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар қатысушылар чемпионаттар мен турнирлерге, хакатондар мен түрлі жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады, – деді «KazRobotics» білім беру және спорттық робототехника федерациясының АОФ директоры Асқар Алдан.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын иегері халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Айта кетейік, өткен жылдары да бұл турнирде атыраулық қатысушылар жеңіске жетіп, бүгінде республикалық және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT