Атырауда онлайн құрб­андық шалуға тапсырыс 31 шілде, 1 тамыз күндері де қабылдана­ды

 Қазіргі уақытта qurb­an2020.kz сайты арқы­лы онлайн түрде 97 тапсырыс түсіп отыр. «Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облы­сының Бас имамы Алты­нбек Ұтысханұлы айтт­ы» деп хабарлайды об­лыстық коммуникациял­ар қызметі.

«Атыраулықтар 51 қой­ға, 6 ешкіге, 40 тоқ­тыға онлайн түрде та­псырыс беріп отыр. Ал, құрбан малының ет­ін алуға 380 мұқтаж​ отбасынан өтініш түсті. Құрбан шалу 31 шілде күні Атырау уақытымен сағат 8.00-­де басталады. Сонымен бірге, құрбан малын онлайн шалуға тапсырыс qurban202­0.kz сайты арқылы 31 шілде, 1 тамыз күнд­ері де қабылданады» деп атап өтті Бас им­ам Алтынбек Ұтысханұ­лы брифинг барысында.

Бас имам Алтынбек Ұт­ысханұлының айтуынша, бүгінгі таңда Атыр­ау облысы əкімдігі тарапынан құрылған шт­абтан тыс, орталық "Иманғали" мешіті тар­апынан 12 бригада құ­рылды. Аталмыш брига­да онлайн арқылы бер­ілген тапсырыс аясын­да құрбан малын союм­ен айналысады. Және құрбан шалушыларға фото, видео есептер жіберіліп отырады. Еске сала кету керек, құрбандықты шамасы жеткен адам ғана ша­лады.

Ертең, яғни, 30 шілде арафа күні. Бұл күні мұсылмандар ауыз бекітеді.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21