2020 жыл. «Мобильді топ арнайы рейд барысында Исатай ауданының Аққыстау селосында төтенше жағдай талабы бұзылғаны анықталды.
Мұнда азық-түлік дүкені бар кәсіпкер бір реттік қолғапты кимей, келушілерге қызмет көрсеткен. Осылайша, төтенше жағдай кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық шараның талабын бұзған. Құқық қорғау органдарының өкілдері кәсіпкерге қатысты хаттама толтырып, сотқа жолдады» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Исатай аудандық соты бұл істі 30 наурызда онлайн режимде қарады. Сот кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағымен 3 күнге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.
atr.kz
Сурет: ашық дереккөзден