Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда мүгедектігі бар 17 мыңнан астам азамат әлеуметтік қызметтермен қамтылды

 2025 жылдың 1 қазанына дейін Атырау облысында мүгедектігі бар 17150 адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы түрлі жабдықтармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдардың саны 27 мыңды құрайды құрайды. Олардың ішінде І топтағы 2 880 адам, ІІ топтағы 9 954 адам, ІІІ топтағы 9 612 адам және мүгедектігі бар 4862 бала бар.

Қамкөңіл жандарға облыстық Мүгедектерді сауықтыру орталығы және арнаулы әлеуметтік қызметтерді атқаратын төрт орталық көмек көрсетеді. Жалпы алғанда, биыл бұл мекемелерде 1500-дей адамға қолдау білдірілді.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілген көмектердің ішінде 7 мыңға жуық адам міндетті-гигиеналық құралдармен, 5 мың адам санаторий-курорттық еммен, 2 мыңнан астам адам протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ барлығы 3 200-ден астам адам тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен, жеке көмекшімен, жүріп-тұру және ымдау тілі қызметтерімен қамтылды.

⁃ Осы бағыттағы жұмыстар мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта құру бағытындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесін көрсетеді. Бұл іс-шаралар өңірде ерекше қажеттілігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және қоғамға толық бейімделуіне мүмкіндік беріп отыр, - деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов.

Мүгедектігі бар адамдардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 130 инватакси қызметі көрсетіледі. Ол арқылы жыл басынан бері 3 300 жан үшін 200 мыңнан астам тасымал жасалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT