Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда кардиология орталығының директоры тағайындалды

Облыстық Кардиология орталығының директоры лауазымына жоғары санатты дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау менеджері, іскерлік әкімшілік магистрі Джумағалиева Сандугаш Борисовна тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Джумагалиева Сандуғаш Борисовна, 1968 жылы 4 ақпанда Гурьев облысы Гурьев қаласында дүниеге келген. 1975 жылы мектепке барып, 1985 жылы Гурьев қаласындағы No16 мектепті аяқтаған.

1985 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының педиатрия мамандығына оқыған.

1991-1993 жылдар аралығында Гурьев қаласындағы облыстық перзентханада интернатурадан өтіп, еңбек жолын бастаған.

1993-2003 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында тұрып, «Жас дәурен» балаларды оңалту кешенінде осы жылдар бойы педиатр, бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған.

2004-2009 жылдар аралығында Атырау облысы облыстық денсаулық сақтау басқармасында облыстың бас педиатр дәрігері, алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің меңгерушісі, емдеу-профилактикалық бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2009 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау облыстық кардиологиялық орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.

2005 жылы денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін үздік аяқтаған.

2014 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының үздік менеджері» номинациясы бойынша байқауға қатысып, жеңімпазы, денсаулық сақтау министрлігінің кәсіби маманы деңгейін анықтауда қосымша материал ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің Ұсыныс хаты берілді.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы еңбегі үшін:

- «Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгісі

- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» - төсбелгі

- Халық ал ғысы - Х.Доспанованың медалі - «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталды.

Сәуле МАҒАУ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT