Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда карантин режиміне өзгерістер енгізілді

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» № 62 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуын азайту мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» №62 қаулысына төмендегіше өзгеріс енгізілсін:

1) 4-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 12) бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 09:00-дан 22:00-ге дейін рұқсат берілсін;

2) 4-тармақ 23 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын: 23) отырғызу орындарының жалпы санынан 50% - дан артық емес толтырылуы, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) рұқсат берілсін;

3) 4-тармақ 24 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын: 24) ашық алаңдағы аттракцион қызметіне тиым салынсын;

4) 4-тармақ 25 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын: 25) сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін;

5) 5-тармақ 8 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын: 8) «үйге жеткізу» принципі қызметінен басқа қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне тиым салынсын;

6) 5-тармақ 9 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын: 9) саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) тыйым салынсын;

2. Аталған қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Қ. Гайнеденов ​​​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT