banner_damu

АТЫРАУДА КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ӨМІРДЕН ӨТТІ…

Белгілі академик, ғалым, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
Мағауия Тәжіғараұлы Шырдабаев өмірден озды. Осыған орай, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов көңіл білдірді.

Ауыр қаза...

Мағауия Тәжіғараұлы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, һәм ғылыми өмірінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға.

Ағамыз ғибратты ғұмырын ел экономикасы мен мұнай-газ саласын дамытуға арнады. Әсіресе, соңғысының ғылыми тұрғыда негізделуіне көп күш жұмсады.

Өнеркәсіптің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты.

Ағамыз өмірінің соңғы сәтінде еліміздің мұнай-газ саласына маман даярлайтын университетте ардагерлер кеңесіне төрағалық етті. Мұнда да ол оқу ордасының заман талабына сай дамып, жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына атсалысты. Жүзден астам ғылыми жарияланымның авторы атанды.

Иә, сөйткен жауын-ғұмыр жауып өте шықты.

Қалай десек те, Мағауия Тәжіғараұлының соңында өлмес өнегесі мен өшпес өрнегі қалды. Ардақты азаматтың адамгершілік қасиеттері мен ізгілік іздері көптің санасында сайрап жатыр.

Халықаралық «Экология және өмірдегі тіршілік қауіпсіздігі» академиясының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденінің иегері, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессоры Мағауия Тәжіғараұлы Шырдабаевтың есімі мәңгі жүрегімізде сақталады.

Марқұмның әулетіне Атырау халқы атынан қайғырып көңіл айтамын.

Иманыңыз жолдас, жаныңыз жәннатта болғай, асыл аға!

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика