Қысқы кезеңнің басталуына орай, көк мұзға айналған жолдар көлік қозғалысына кері әсерін тигізуде.
Сол себепті ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, Атырау қаласы аумағында көктайғақ салдарынан бір күнде 10 жол-апаты тіркелген.
Осы орайда, Атырау облысы Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтары назарына бұл жағдайда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін негізгі қағидаларды сақтау керектігін ескертеді. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автокөлік арасындағы арақашықтық пен қысқы дөңгелектермен жабдықталу күтпеген апаттың алдын алуға бірден бір себепші болады.
Ең маңызды сақтық шарасы-жүргізуші жолды кесіп өтетін адамдарға жол беруі тиіс, ал жаяу жүргіншілер бұл үшін арнайы белгіленген орындарда барынша абайлап өтуге міндетті екенін есте сақтаған жөн.
Көктайғақта және жолда қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтайды.