Атырауда этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарға "Қоғамдық келісім" КММ басшысы, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Қатысушылар мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды басымдығы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени және діни бірлестіктердің рөлі, азаматтарды, әсіресе өскелең ұрпақты, жастарды қазақстандық қоғамның мәдени және дәстүрлі құндылықтарына, оның барлық көріністерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік рухында тәрбиелеу мәселелерін қызығушылықпен талқылады. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын кеңінен жариялау туралы ұсыныстар айтылды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика