Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда есірткі затын дайындап сатумен айналысып келген күдікті ұсталды

- 5 қараша күні Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп​ тиым салынған синтетикалық есірткіні сатумен айналысып жүрген күдіктіні ұстады.

Белгілі болғандай 27 жастағы азамат өзінің жалдамалы пәтерінде есірткі дозаларын дайындап келген.Полиция қызметкерлері тінту кезінде есірткіні сатуға арналған түрлі құралдар мен құрылғыларды тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткінің жалпы салмағы 300 грамды құрайтын «Альфа РVР» синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді -деді,Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі ​ Қамза Үмбетқалиев.

Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 1994 ж.т күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жалпы жыл басынан бері Атырау облысында ​ есірткі сатумен айналысу фактісі бойынша ​ БҚО, Қостанай, Ақтөбе қалаларынан 13 кепілгер және 1 ​ Өзбекстан Республикасының 1 азаматы ұсталды. Сараптама қорытындысымен заңсыз айналымнан барлығы ​ 1 кг 700 грамм алынды. Атырау облысы Полиция департаменті есірткіге қарсы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, алдын-алу мақсатында Атырау қаласының тұрғындарына қандай-да бір есірткіге тәуелді немесе сақтау, сату мен айналысатын тұлғаларды байқаған, естіген жағдайда 102 операторына хабарласуды ескертеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521