Қала аумағында көктемгі еріген қар суын тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта өтімдер мен су жиналған аймақтарда суды сору және арықтарды тазалау шаралары атқарылып жатыр. Жауапты қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге күш салуда.
Мәселеге қатысты өтінімдеріңізді қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшалары немесе 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қалдыра аласыздар.