Атырауда дәрі-дәрмекті заңсыз әрі қымбат бағамен сатқандар анықталды

Атырауда полиция қызметкерлері заңсыз дәрі-дәрмектер, медициналық бетперделер сату деректерін анықтады. Атырау қаласының 1994жылы туған тұрғыны үйінен қымбат бағамен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатып ұсталды.

Тексеру барысында,

-Ингавирин 5000 теңгеден,

-Дексаметазон виал -4000тг,

-Азитромицин-2000тг,

-Дексаметазон-2000тг,

-Лидокаин Буфус-1000тг

-Метронидозол-1000тг табылып, алынды.

Бұл дәрілердің барлығыда қымбат бағамен сатылған.

Бұл күні полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде тағы бір деректі анықтады. Авангард ықшам ауданындағы үйлердің бірінің пәтер тұрғыны өз бағасынан бірнеше есе қымбат бағамен медициналық бетперделер сатқан. Тексеру кезінде пәтер ішінен 43 мың медициналық бетперделер табылып, алынды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен құқық қорғау органдарына пандемия кезінде дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына жол бермей, реттеуді тапсырды. Анықталған деректер бойынша тексерулер жүргізіледі, деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін, 6 шілдеде, полиция қызметкерлері Атыраудағы косметикалық салондардың бірінде респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуды анықтап, ірі мөлшерде дәрілерді тапқан болатын.

Сурет: ашық дереккөз

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21