Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Атырау облысы аумағында 1 ақпан және 28 ақпан аралығында «Браконьер» өңірлік жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.

Іс-шара мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған. Мәселен, сауда-саттық орталықтарына, базарларға келген тұлғалардың заңсыз ауланған балықтарды, жануарларды өткізу, сату, алу іс-әрекеттерін анықтау мақсатында рейдтер өткізілуде.

Атырау облысы полиция департаменті аң, балық аулау және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

 

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT