Бүгін – барша қазақстандықтар үшін маңызды мереке – 1 Мамыр, Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Осы күні еліміздің түкпір-түкпірінде бейбітшілік пен достықтың символына айналған түрлі шаралар өтуде. Атырау қаласының тұрғындары да бұл мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, ән айтып, би билеп, бірлік пен татулықты дәріптеуде.