Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 тамызда Атырау қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы басталған.
«Жедел-алдын алу іс-шарасына Атырау қалалық полиция басқармасының 400-ге жуық қызметкері жұмылдырылып, алғашқы күні 250 астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 50, ұсақ бұзақылық жасаған 50, түнгі тыныштықты бұзған 15, отбасылық жанжалға себепші болғаны үшін 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, көлікте қауіпсіздік белдігін тақпаған 80 жүргізуші анықталды. Ал, 30 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Көлікті ішімдік ішкен күйде жүргізген 2 жүргізуші ұсталған. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 30-дан астам жаяу жүргінші жазаланған.