Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты белгілі болды ​

«Бұл туралы кеше Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық ​ дәрігері міндетін атқарушы Сүлеймен Əубəкіров ​ № 52 қаулыға енгізілген өзгерістер туралы өткен онлайн брифингте мәлім етті» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

​ Бірақ, сауда үйлерінің қызметіне тыйым салынды. Ал, азық-түлік емес дүкендер "үйге жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істей алады. ​ «Жұмыс уақытын сағат 10-нан 21-ге дейін шектей отырып азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын» делінген қаулыда.

​Айта кету керек, бұған дейін азық-түлік маркеттері сағат 18.00-ге дейін жұмыс жасаған болатын. Жедел штаб азаматтар тарапынан түскен ұсыныстарды ескеріп, азық-түлік маркеттерінің жұмыс уақытын үш сағатқа дейін ұзартып отыр.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Еске сала кетелік, қоғамдық тамақтану орындары, кафе, мейрамханалар «жеткізу» қызметі арқылы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс атқара алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT