Атырау қаласында жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Тұрғындар қалашағы ықшам ауданында орналасқан “Мұнайшы”стадионның алдында өтіп жатқан іс-шараға 30-ға жуық кәсіпкер қатысуда.
Жәрмеңкеде негізінен ет, сүт және балық өнімдері ұсынылып, саудаланды. Мұндағы өнімдердің бағасы өзге сауда орындарымен салыстырғанда 10-15 пайызға төмен. Әр сенбі-жексенбі өтетін жәрмеңке тұрғындар үшін сапалы әрі қолжетімді өнімдерді сатып алуға мүмкіндік берсе, жергілікті өндірушілерге өз тауарларын тұтынушыға тікелей ұсынуға жол ашады. Кәсіпкерлер үшін шатыр, арнайы киім және мекеме атауы жазылған табло тегін берілетінін айта кетейік. 8:00-де басталған жәрмеңке 15:00-ге дейін жалғасады.Сондай-ақ 11-ші мамыр күні осы уақыт аралығында өтеді.