Атырауда арналардың аясын ашу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың төрағалығымен өткен жиында су айдынында жаппай балық өлімінің алдын алу мәселесі талқыға түсті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақта былтыр 12 тонна, ал биыл алдын алу жұмыстарының арқасында 572 келі балық қырылған. Оның ішінде Безымянный-65, Алмағамбет-507 келі. Басты себеп - көп жылдар бойы су келмей, қараусыз қалған каналдардағы қоқыстар балықтардың еркін жүзуіне кедергі келтірген.

- Күні кеше Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, кеуіп қалған каналдарға су келді. Бұл, әрине қуантарлық жайт. Алайда, бұл жағдайда балық қырылу қаупі өте жоғары болатынын ескерген жөн. Бұл ретте, бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды, ал егер белгіленген тапсырмалар тәртіпке сай жүзеге асырылмаса, орталық мемлекеттік органдардың талабына сәйкес жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарастыруды ұсынамын, - деді балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша 200 су айдыны бар, оның 70 аса қауіпті. 80% су айдынының арнайы құжаты да жасақталмаған. Құжатсыз су айдындары кез-келген табиғи апат, тосын құбылыс кезінде қажетті жұмыстар атқаруға кедергі келтіреді екен. Сол себептен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев басқарма басшысына, сондай-ақ Атырау қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарларына құжаттарды 1 тамызға дейін толығымен жасақтауды тапсырды.

- Атырау қаласы және аудан әкімдері тарапынан округ әкімдеріне балықтардың еркін қозғалысын қамтамассыз ету мақсатында су көлдерінің арналарын өсімдіктерден, қоқыс қалдықтарынан және қураған ағаштан тазартуды тапсырып және оны қадағалау керек. Қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тиісті уәкілетті органдардың рұқсатымен арналардың аясын ашу жұмыстарын жүргізілсін, - деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика