Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда қар тазалау жұмыстары жүргізілуде

Атырауда  "Спецавтобаза" мекемесі  қала және ауылдық округ ішіндегі көшелерде қар тазалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл қаңтар айында қар былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп жауды.

Қазіргі таңда, қала ішінде 12 трактор, 4 қар тиегіш техника мен 180 адам қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылды.

Күніне 250-280 шаршы метр қар қала сыртына шығарылуда. Бүгінгі күнге дейін 4 мың шаршы метр қар қала сыртына шығарылды.

Сондай-ақ, арнайы техника қаңтар айынан бастап жолдың тайғақтығын болдырмас үшін 200 тонна құм аралас тұзды  барлық жолдарға сеуіп шықты, деді "Спецавтобаза" мекемесінің басшысы Алмас Ізтлеуов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521