Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда АИ-92 жанармайының орташа бағасы 169 теңге тұрады

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Атырау облысының тұрғындарымен кездесуде АИ-80, АИ-92, АИ-93 жанармайы мен дизель отынын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды мемлекеттік реттеу сақталғанын мәлім етті.

Қазір Атырау облысында АИ-92 бензинінің орташа бағасы 169 теңгені құрайды. Ал, дизель отынының 1 литрі – 230 теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің пікірінше, АИ-95 жанармайына баға белгілеу бәсекелі ортаға берілген. Енді жанармайдың бұл түріне бағаны нарық айқындайды.

«Өйткені, АИ-95 және одан жоғары маркалы бензинді өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен жоғары октанды компоненттер жұмсалады. Мұндай жанармайлардың бағасы мұнай баррелінің құны мен валюта бағамына байланысты болады», -деді министр Болат Ақшолақов.

 

фото:ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT