Атырау облысында «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Атырауда 5000-нан астам психотроптық дәрі тәркіленді. Заңсыз айналымдағы дәрілерді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды polisia.kz
«Дәрмек» іс-шарасы кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен, яғни фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық қағидаларын бұзудың 3 дерегі тіркелген.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша Атырау қаласының 1973 ж.т. азаматшасы қала аумағында заңсыз 2900 дана трамадол және 76 дана трапикамид, 1985ж.т азаматша 1900 дана трамадол және 36 дана трапикамид, 1997ж.т азаматша 500 дана трамадол және 50 трапикамид дәрі-дәрмектерін сатып жүрген жерлерінен ұсталды.