Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда 2 мыңға жуық жұмыссыз адамды оқытуға 158 млн теңге бөлінді

Атырау облысында 2 мыңға жуық жұмыссыз адамды оқытуға 158 млн теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл 918 адамды жұмысшы мамандығына оқытуға жергілікті бюджет есебінен 158,6 млн теңге қарастырылып отыр.

«Биыл облыста жұмыссыз жүрген 918 адамды 11 мамандық бойынша қысқа мерзімді курста оқыту жоспарланды. Бұған қоса «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаражаты есебінен 1 мың адам оқытылады. Осыған байланысты 4 шілдеде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы келісімге сәйкес, «APEC PetroTechnic» колледжінде жұмысшы мамандықтарына қысқа мерзімді оқыту үшін Атырау қаласы мен барлық ауданда жұмыссыздарды іріктеу жұмыстары басталды. Қысқа мерзімді курстар «APEC PetroTechnic» колледжі, «Ақтау», «ILT» оқу орталықтарының оқу орындарында құрылыс ағаштарын монтаждаушы, жұмысшы-бетоншы, қалыптаушы және арматуршы, құбыр монтаждаушы, металл конструкцияларын монтаждаушы, электромонтаждаушы, құбырларды дәнекерлеуші, металл конструкцияларын дәнекерлеуші, бояушы, оқшаулаушы және тағы басқа мамандықтар бойынша оқытылады», -деп мәлім етті Азамат Мәмбетов.

Оның айтуын қарағанда, іріктеуден өткендер 6-9-ші шілдеде «APEC PetroTechnic» колледжінде тестілеу жұмыстарын тапсырады. Қазір 61 адам бюджет есебінен қысқа мерзімді курста жұмысшы мамандықтары бойынша оқуды бастады. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырылған оқуға жұмыссыздарды іріктеу қала мен барлық аудандарда жүргізіліп жатыр.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT