Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда 135 шақырымнан астам жолдың сапасы тексеріледі

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының жолшылары биыл Атырау қаласындағы қайта жаңғыртылатын, орташа және күрделі жөндеуден өтетін, сонымен қатар жаңадан салынатын  жалпы ұзындығы 135,8 шақырым болатын 231 көшені тексереді.

Қазір аталған орталық филиал Атырау қалалық тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімімен келісім-шартқа отырған.

Бұл туралы филиал директоры Б.Мұқашов айтты. Оның мәліметінше, Атырау қаласындағы көлік кептелісінің алдын алу және жол көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында ұзындығы 21,1 шақырым Әуезов көшесінен Балықшы ықшам ауданына және Зарослый елді мекеніне дейінгі тас жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Сонымен қатар, Сырым Датов, Азаттық көшелері де қайта жаңғыртылады. Еркінқала, Еркінқала -2, Балауса, Ракуша, Томарлы, Бірлік-2, Қайыршақты, Тасқала – 3, Дамбы-2, Геолог, Химпоселок елдімекендерінде де тас жолдар салынады.

«Биыл көлік жүргізушілерін біраз әбігерге салып тұрған «Атырау-Индер» тас жолының «Атырау-Талқайраң» бөлігінде де жұмыс басталады. Бірінші деңгейлі жолды қайта жаңғырту 2019 жылы қолға алынып, аяқсыз қалған еді. 0-10 шақырым аралығындағы жол бойында пайда болған шұңқырлар және жол жабындысының тозуы салдарынан автокөліктер қарсы бетке шығуға мәжбүр. Оның үстіне түнде тас қараңғы. Енді жол құрылысы аяқталғасын жарықтандырылып, жол белгілері салынады, -дейді Б.Мұқашов. 

Қазір мердігер мекемелер жол құрылысы жұмыстарына кірісіп кеткен. Қажетті техниканы нысанға жеткізіп, құрылыс материалдарын және жерді дайындауда.

Айта кетейік, өткен жылы жергілікті жолдарға 171 рет тексеріс жүргізіліп, 65-ке  жуық ақау анықтаған. Оның 40-қа жуығы қалпына келтірілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT