Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау ст.ЖПб-де «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс шарасы басталды

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу, балалардың құқығын қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.

 Шараға криминалдық полиция, есірткіге қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері жұмылдырылды. 
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау шараларымен қатар, профилактикалық жұмыстарды, олардың құқығын қорғау жұмыстарын да ауқымды түрде жүргізеді. Шара барысында жасөспірімдерді қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға тартқан, кәмелетке толмағандарға алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін сатқан, ата-аналық міндеттерін орындамайтын ересектерді анықтауға ерекше назар аударылатын болады. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT