Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысының әкімдігі тұрғындардың өтінімдерін қабылдау үшін Telegram чат-каналын ашты

Чат-каналда тұрғындардың сауалына мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, барлық деңгейдегі әкімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары және т. б. жауап береді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысын күшейту туралы тапсырмасы аясында, өңір басшысының тапсырмасымен Атырау облысының әкімдігі Telegram чат-каналы ашылды.

Чат-каналда тұрғындардан әдеп нормаларын сақтауды сұраймыз, келіп түскен сұрақтарға 1-2 жұмыс күні ішінде жауап беріледі.

Чатқа кіру үшін смартфонға «Telegram» қосымшасын жүктеп, https://t.me/akimatatyrau сілтеме бойынша өту қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT