Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде қылмыстық сот ісін жүргізуді кезең-кезеңімен жаңғырту жүргізілуде.
«Қылмыстық процестің үш буынды моделі – бұл құқық қорғау органдарының өкілеттіктерін нақты ажырату, бұл ретте тергеу органдарымен дәлелдемелерді жинау, прокурорлармен оларды құқықтық бағалау және мемлекеттік айыптауға қатысу, ал соттармен іс бойынша түпкілікті шешім қамтамасыз етіледі», – деп түсіндірді қадағалау ведомствосының басшысы.
«Қылмыстық процестің үш буынды моделінің бірінші және екінші кезеңдерін іске асыру өз жемісін берді, қылмыстық істер бойынша тергеу және қадағалау сапасы жақсарды. Келесі жылдың басынан бастап қорытынды кезең басталады, ол алдын-ала тергеу нысанында аяқталған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша айыптау актілерін тек прокурордың жасауынан тұрады», – деп қорытындылады прокурор.
Іс-шарада атмосфералық ауаны қорғау саласындағы неғұрлым проблемалық мәселелер, о.і. құзыретті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл және бақылау тиімділігі қаралды. Қолда бар мәліметтер бойынша өңірдің ауа бассейніне ластаушы заттардың шығарындылары жыл сайын артып келеді. Облыста сырқаттанушылықтың жоғары көрсеткіштерінің бірі тыныс алу органдарының ауруы болып табылады.
«Қоршаған ортаға ұқыпты қарау әр адамның міндеті болып табылады және әсіресе қызметі оған тікелей әсер ететін кәсіпорындардың бірінші басшыларына жүктеледі. Сондықтан қоршаған ортаны теріс әсерден қорғау және ластаушы элементтерді алдын алу үшін шаралар кешенін қабылдау қажет», – деп атап өтті прокурор.
Өз кезегінде, кеңес отырысына шақырылған «АМӨЗ» ЖШС-нің директоры М.Досмұратов сендіргендей, «заманауилықта облыс орталығындағы атмосфералық ауаны жақсарту және оның ластануына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.
Мысалы, қалада жағымсыз иісті барынша азайту үшін булану алаңдарының 1 және 2 секторларын құрғату және рекультивациялау, ашық амбарларды жою жүргізілді, мұнай және бензин резервуарларына понтондар кезең-кезеңімен орнатылуда». Үйлестіру кеңесінің заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы маңызды рөлін көрсете отырып, облыс прокуроры тиісті мемлекеттік органдарға атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын болдырмау және Атырау қаласының тұрғындары үшін таза ауа қалыптастыру бойынша жұмыстарды қарқынмен жүргізуді тапсырды.
Атырау облысының прокуратурасы