Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында үш күнде жол ережесі 644 мәрте бұзылған

Атырау облысында үш күнде жолда жүру ережесі 644 рет бұзылған. Мас күйде рульге отырған 10 адам ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4-6 наурыз аралығында өңір аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» рейді өткен.

«Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – мас күйде рульге отыратындарды, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтау. Олардың қатысуымен болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Үш күнге созылған іс-шара кезінде 644 жолда жүру ережесін бұзған 644 дерек анықталды. Көлік құралын мас күйде басқарған 10, жүргізуші куәлігінен айырылған 1 адам ұсталды», -дейді полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521