Атырау облысының Үйлестіру кеңесінің отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері қаралды.
Уәкілетті органдарға 2023 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы жалпы құқық бұзушылықтың 21% (100-ден 121-ге), о.і. жыныстық тиіспеушілік 38,7% (31-ден 43-ке), балалар суициді 156,3% (16-дан 41-ге) өскені атап көрсетілді. Тексеріспен барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында 1 200-ден астам (қауіпсіздік, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, білім сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, өрт қауіпсіздігі және т.б. салаларда) құқық бұзушылық фактілері анықталды. Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы керек.
«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі», - деп атап өтті қадағалау органының басшысы Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ.
Қорытынды сөзінде облыс прокуроры «профилактикаға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде сапалы жұмыс жүргізуге міндетті және қылмысқа қарсы күрес шараларын күшейтуі тиіс екенін» - тапсырды. Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысымен ұсынымдар әзірленіп, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді. Орындалу барысы бақылауда.
Атырау облысының прокуратурасы