banner_damu

Атырау облысында бизнесті мемлекеттік қолдау мен дамытудың кешенді шаралары жүзеге асырылуда

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында облыста 1 405 атыраулық кәсіпкерге қолдау көрсетілді, бұл 10 236 жұмыс орнын сақтап қалуға және 1 702 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты , деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 2,7 пайызға (51 354 бірлік) өсті. Жаңа өнім түрлерінің өндірісі дамып келеді. "УЛЬТРАСТАБ" және "ӨңҚ-Каспий" компаниялары полипропиленнен геотекстиль және экструзиялық геосинтетика өндірісі үшін бірлескен кәсіпорындар құрылды", - деді М.Досмұхамбетов.

"Кәсіпкерлікті қолдау картасы" аясында 9,9 млрд. теңге сомасына 3 жоба іске асырылуда. Түйіршіктелген күкірт өндіретін зауыт ("Каспиан Групп Констракшн"ЖШС) пайдалануға берілді. 2021 жылдың соңына дейін тамақ қалдықтарынан органикалық тыңайтқыштар өндіру ("Нефтестройсервис" ЖШС) және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру ("Иси Гипс Индер"ЖШС) бойынша жобалар іске қосылады деп күтілуде.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика