"Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов "Айқын" газетінде жарияланған мақаласында айтты" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Ежелден балық аулау байырғы кәсіп саналатын өңірімізде — балық шаруашылығы саласын дамытуға да басым көңіл бөліп келеміз. 2022 жылы Құрманғазы ауданында заманауи технологиялармен жабдықталған балық цехын салу жоспарлануда. Болашақта балық шаруашылығын облыс экономикасының бір тірегіне, үлкен табыс көзіне айналдыру ойымызда бар. Биыл ауыл шаруашылығы саласында біраз жобалар іске қосылды.
Атап айтқанда, Атырау қаласында, Индер ауданында, Махамбет ауданында салаға серпін беретін әр түрлі жоба жұмысын бастап, ал Қызылқоға және Махамбет ауданында жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр" деп жазды Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Еске сала кетелік, өңірдегі негізгі тұщы су көздері Жайық және Қиғаш өзендерінің гидрологиялық режимін жақсарту, сулылығын арттыру, сондай-ақ, балық қорын арттыру мақсатында түп тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізілуде.