Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 127 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, деді өңір әкімі Серік Шәпкенов.
«Жалпы ауыл шаруашылығы саласында тұрақты даму байқалады. Қазіргі таңда 3 инвестициялық жоба іске асуда. Ал, келесі жылы құны 26 млрд теңге болатын 4 жобаны іске асыру жоспарда бар. «Ауыл аманаты» жобасы да жүйелі іске асуда. Бюджеттен 761 млн теңге қаралып, 83 жоба қолдау тапты. Олардың көбі мал шаруашылығына қатысты», - деді Атырау облысының әкімі ОКҚ баспасөз конференциясында.
Биыл «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында биыл он айдың ішінде 41,6 млрд теңге бөлініп, 1000 артық шағын және орта бизнес субъектісіне қолдау көрсетіліп, 500 астам жаңа жұмыс орны құрылды.