Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Марат Бисенғалиұлы Мурзиев Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мурзиев Марат Бисенғалиұлы Қазақ гуманитарлық-заң университетін («заңгер» мамандығы), Т. Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетін («экономист» мамандығы) бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Атырау табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2004 жылы – Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2009 жылдары-заңгер, түрлі компаниялардағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметін атқарды. 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2010-2011 жылдары - Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылы – Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі орынбасары, 2013 жылы - Атырау облысы Тексеру комиссиясының төрағасы. 2017 жылы Исатай ауданының әкімі, 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521