Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Дарын Шамұратов.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі:
02.2009-05.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы
05.2009-12.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
12.2009-09.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы
09.2012-25.10.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі
10.2012-08.2017 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы
08.2017-04.2021 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары;
04.2021- 09.2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарды.