banner_damu

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

«Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Дарын Шамұратов тағайындалды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов 1986 жылғы 16 желтоқсанда Атырау облысы Индер ауданының Бөдене ауылында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесін 2009 жылы Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратында бас маман, кейін бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары аталған ауданның аппарат басшысы, ал 2017-ші жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, осыған дейін бұл лауазымда болған Полымбет Хасанов наурыз айында Исатай ауданының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика