"Атырау-Ақпарат" медиа-холдингіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінің жаңа директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

«Атырау-ақпарат» ұжымына жаңа басшыны Атырау облысы әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. ​ Одан кейін ​ 2005-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ​ “Сарыарқа”, “Мысты өңір”​ ​ ​ ​ газеттерінде тілші болып бастаған.

2003-2004 ж.ж.​ “Қазақ университеті”,​ “Жас Алаш”​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған.

2005-2019​ жылдары аралығында​ “Хабар” агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен. 2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қазіргі уақытта «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым. Қазіргі уақытта холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика