Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Астанада ЖИ жазған спектакль сахналанады

АСТАНА. KAZINFORM — Жақында Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында жасанды интеллект жазған қойылым сахналанбақ. Бұл туралы қойылым режиссері «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында хабарлады.

    — ЖИ-ді қолдану арқылы сценарий жазу, дәстүрлі театр мен қазіргі жаңашылдықты біріктіру идеясы ең алғаш бір жыл бұрын туды. Әділжан Мағзұмов деген әкімші жігіт болатын. Сол келіп: «Жасанды интеллектпен спектакль жазсақ қалай болады?!» — деп сұрады. Содан соң жарты жыл көлемінде қалай жазсақ, қалай келтірсек деп ойланып жүрдім. Солай ойымыз пісіп, ақырындап жұмыс істеп келе жатырмыз, — дейді Нұржігіт Муслимов.

Жасанды интеллект қойылымның барлық бөлігіне көмектесіп жатқан көрінеді.

    — ЖИ бізге спектакльдің құрылымын жасауға көмектесіп жатыр. Қойылым қою үшін ең бірінші сценарий жазылуы керек. Пьесаны жазу үшін ChatGPT-ге барлық талаптарды айтамыз: маған не керек, қай уақытта болып жатқан оқиға, қандай кейіпкерлер қажет. Ол сол нұсқаулар арқылы менің қалауымдағы сценарийді жазып береді. Біз сол сценарийді актерлермен оқимыз. Кейін ЖИ бізге музыкасын да жазып береді. Сахналық құрылымына, костюмдерге көмектеседі. Ең басты артықшылығы — бұл уақытты үнемдейді. Апталап, айлап жасалатын жұмысты ChatGPT ары кетсе жарты сағаттың ішінде дайындайды. Біз оның дайындаған материалдарын өңдеп шығамыз, — дейді режиссер.

Қойылым қараша айының ортасында сахналанбақ.

    — Нәтижесі жақсы сияқты. Өзіміздің көңілімізден шығып жатыр. Бірақ ұнамайтын тұстары да бар. Оны процесс барысында жөндеп отырмыз. Бұйырса, премьера қараша айының 15–16 жұлдызында болады, — деді ол.

Айта кетейік, Kazinform тілшісі алдағы күндері назар аударуға тұрарлық фильмдерді тізіп шықты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT