Қашағанда мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

Атырау облысындағы «Болашақ» қондырғысында «Қашаған» мұнайын дайындау тоқтап тұр. Бұған қондырғының өндіріс алаңындағы газ құбырының ақауы себеп болған.

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан өндірілген мұнай құбыр арқылы «Болашақ» кешенді қондырғысына жеткізіледі. Бұл қондырғыда мұнай құрамы газ бен күкірттен тазаланып, экспортқа тасымалдау үшін дайындалады. «Болашақ» кешенді қондырғысында «Қашаған» мұнайын дайындау процесі 3 тамызда тоқтатылды. Бұл деректі «Қашаған» кен орнын игеріп жатқан NCOC компаниясының сыртқы қарым-қатынастар бөлімі растады.

«Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы 3 тамызда «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы өндіріс алаңында газ кету белгілері анықталуына байланысты қауіпсіз жолмен тоқтатылғанын растайды. Стандартты процедураларға сәйкес газ белгі берушілерінің іске қосылуына байланысты қондырғылардағы қысым алау жүйесі арқылы түсірілді. Бұл жағдай адамдардың денсаулығына зиян келтірген жоқ. Батыс Ескенедегі экологиялық мониторинг жүргізу стансалары ластаушы заттардың шекті рауалы мөлшерден асқан шығарындыларын көрсеткен жоқ. Өндірістік операцияларды қайта бастау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр», - деп мәлім етті NCOC компаниясының сыртқы қарым-қатынастар бөлімінен.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика