Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ардагерлерге арналған көрме

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Атырау облысы мемлекеттік архиві» аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ерлікке жеткізген тау тұлғалар» атты тағылымды шара өтті.

Мақсаты туған жерден шыққан тұлғалардың Ұлы жеңіске қосқан үлестерін кейінгі ұрпаққа насихаттап, архив қорындағы жеке тектік құжаттар туралы мағлұмат беру. Онда алдымен жиналғандар жеке тектік қордағы соғыс ардагерлері Жұмағали Даулетияров, Бақтығали Аманғалиев, Өтеғали Егізбаев, Сисенгали Құлтаев, Елубай Омаровтың құжаттарынан жинақталған көрмені тамашалады. Содан соң Ұлы отан Соғысы ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесу болып, шараны ашқан аудандық архив мекемесінің басшысы Клара Сапар:

– Бүгінгі шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Біздің негізі қызметті көпшілік түсіне бермейді. Құжаттама жинақтау кезінде атамның құжаттары бар ма? деген сұраумен келеді. Ал, ол құжаттарды тапсырмаса бізде болмайды ғой. Сол себепті осындай тұлғалардың құжаттарын, медаль, ордендерін бізге тапсырып қойса нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінгі шараның да негізгі мақсаты осы. Шараға соғыс ардагерлері Жұмағали Даулетияров, Бақтығали Аманғалиев, Өтеғали Егізбаев, Сисенгали Құлтаев, Елубай Омаровтың ұрпақтары қатысып отыр. Барлықтарыңызда қош келдіңіздер, деді. Содан соң шара қонақтары аталары туралы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT