Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАРАҚАТ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҮР

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін ол Қызылорда облысының өңірлік сайлауалды штабына болды.

00014    Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бұл аймақта  жүзден астам адам жұмылдырылған.
   «Аймақтағы штабтың жұмысымен таныстым. Қызылорда облысы – еліміздегі ең ірі аймақтардың бірі. Жергілікті штабта 10 қызметкер, 100 волонтер жұмыс істейді. Штаб өкілдері аудан және ауыл тұрғындарымен де кездесу өткізеді. Жұмыс үйлесімді әрі талаптарға сәйкес іске асуда», – деді Қарақат Әбден.
    Штаб өкілдері мәлімдегендей, сайлаушылар тарапынан жолданған сауалдар мен ұсыныстарға баса мән беріледі. «Жергілікті тұрғындар көбінесе әлеуметтік тақырыптарға қатысты сауал жолдайды, тұрғындармен кері байланыс жақсы дамыған - деп жеткізді өңірлік штаб жетекшісі Маржан Бисенова.
     Сонымен қатар, штабтың үгіт-насихат жұмысы әртүрлі санаттағы азаматтарды қамтиды. Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Ол үшін штаб мүшелері сайлаушылардың үйлерін аралап, үміткер бағдарламасының негізгі бағыттары жайлы мәлімет беріп жүр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521